Google Lens: сурет пен мәтін арқылы ақпараттың рас-өтірігін қалай анықтаймыз

Фото: Сnet.com
Жасанды интеллекттің дамуы қарқын алған заманда жаңа технологияларды тиімді пайдалану, сонымен бірге жалған ақпараттан қорғану бұрынғыдан да маңызды бола түсті. Ақпараттың шынайылығын талдап, нақты деректі анықтауға көмектесетін құралдардың бірі — Google Lens.
nofake.kz/ жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін Google Lens құралын пайдалану тәсілдері мен оның ақпаратты тексерудегі мүмкіндіктерін ұсынады.
Google компаниясының өнімі “Google Lens” — камераны пайдаланып, сіз көрген заттарды танитын жасанды интеллектке негізделген технология. Ол іздеу жүйесінде мәтіннен бөлек бейнелерді талдау арқылы іздеу нәтижелерін тез ұсына алады. Жаңа құралды фейкке қарсы қолданудың артықшылығы суреттің немесе мәтіннің шынайы контекстін жылдам анықтауға көмектеседі.
Суреттің түпнұсқасын табады

searchenginejournal.com
Кейде ескі суреттерді жаңа оқиғаға қатысы бар сияқты таратады. Ал Lens-ті пайдаланып, суретті іздеу арқылы оның алғашқы жарияланған күні мен орнын анықтауға болады. Егер түпнұсқа мәлімет бұрын жарияланған немесе басқа оқиғаға қатысты болса, бұл фейк деп есептелуі мүмкін.
Жылдам аударма және мәтін көшірмесін жасайды

technave.com
Google Lens камераны мәтінге бағыттаса, оны бірден аударады немесе көшіріп алуға мүмкіндік бар. Cондай-ақ, күмәнді мәтінді тез көшіріп алып, басқа ресми дереккөздермен (мысалы, ресми жаңалықтар) салыстыруға болады.
Үй жұмысын және фактілерді тесттеу

techeblog.com
Lens жүйесі математикалық есептерді немесе басқа ғылыми сұрақтарды тануға қабілетті. Бұл күрделі немесе жалған жауаптары бар ақпараттарды тез тексеруге көмектеседі (мысалы, бір тақырып бойынша екі түрлі түсіндірмені салыстырады). Яғни білім саласына да көмекші құрал бола алады.
Lens – тек бастапқы қадам

etailtouchpoints.com
Google Lens — деректерді жинауға және іздеуге көмектесетін технология. Алайда Lens көрсеткен нәтижелер Google Search деректеріне негізделген. Бірақ бір ғана Lens нәтижесіне сенуге болмайды, өзге де ресми дереккөзді тексеріңіз.
Тауардың түпнұсқасын анықтайды

ppcnewsfeed.com
Кейбіреу фейк жарнама арқылы жалған өнімдерді сатады. Ал Lens арқылы тауарды іздеп, оның ресми өндірушісін немесе сенімді дүкендерді және өнімнің түпнұсқасын жылдам таба аласыз.
Қорыта айтқанда, Google Lens — көрнекі ақпаратты тексеруге арналған құрал. Оның көмегімен жаңа ақпаратты тез табуға және фейктерді сараптауға көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Алайда критикалық ойлау және дереккөздерді салыстыру — фейкке қарсы күрестің негізі.


