NoFake

Онлайн кредит бірден берілмейді: 8 сағат күту ережесі енгізіледі

Фото: Depositphotos

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары онлайн кредитті бірден мақұлдай алмайды. Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі қарашадан бастап енгізген жаңа талапқа сай, несие беру алдында «кідіріс уақыты» қарастырылып отыр, деп хабарлайды nofake.kz/.

Егер 200 АЕК-ке дейін несиеге өтініш берілсе — 8 сағат, ал 200 АЕК-тен жоғары болса, онда 24 сағаттан кейін ғана банк мақұлдаған қаражат картаға түседі.

Осы уақыт ішінде банк қызметкері несие алушыға хабарласып: «Өтініш беруші — сіз өзіңіз бе?»
деп сұрауы тиіс. Егер сіз екендігіңізге көз жеткізсе, несиені береді.

Бұл шешім азаматтардың ойланбай несие алуын азайтып, қаржылық жауапкершілікті арттыруды көздейді. Әрі онлайн алаяқтықтың алдын алу үшін қажет шара. Әйтпесе, қазір биометрияның өзі онлайн алаяқтарға тосқауыл бола алмай тұр.

nofake.kz/ сайтына сұхбат берген Қаржылық реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, 8 сағаттық үзіліс қарыз алушыға шешімді байыппен қабылдауға мүмкіндік береді. Ереже 2025 жылдың соңына дейін барлық онлайн несие берушіге міндетті болады. Заң ережесі 1 қарашадан бастап күшіне енді.

Оқу үшін