NoFake

Семейдегі колониядан сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізді деген ақпарат — жалған

Фото: Максим Морозов

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталған бір адамның өлімі расталғанын, бірақ жаппай ауруханаға жеткізу туралы мәліметтің жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/ тілшісі.

«Зорлау қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан сотталған азамат өзін жайсыз сезінгенін айтып, мекеменің медицина бөліміне жүгінген. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда көрсетілген шараларға қарамастан, сотталған ауруханада көз жұмды», – делінген Абай облысының ДУИС хабарламасында.

Аурухана мәліметінше, алдын ала өлім себебі – инсульт. Ведомство жалған ақпарат таратқандардың заң алдында жауапкершілікке тартылатынын ескертті және азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды. Сонымен қатар, бүгін колонияға Ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) өкілдері және «Азаптауға қарсы туыстар» қоғамдық қорының жетекшісі Елена Семенова келіп, жағдаймен танысты.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Семейдегі колониялардың бірінен сотталғандарды жаппай ауруханаға жеткізді деген ақпарат тараған еді. Жазбада бір адамның қайтыс болғаны, тағы тоғыз сотталғанның ауыр халде ауруханада жатқаны туралы айтылып, туыстары олардың жағдайы жайлы мәлімет ала алмай отырғанын жазған.

Оқу үшін