NoFake

Теміртау полицейлері жалған ақшамен сауда жасап жүргендердің видеосын анықтады

Скриншот

Теміртау қаласының полицейлері жалған ақшамен сауда жасап жүрген топтың ізіне түсті. Яғни, құқық қорғау органдары әлеуметтік желіге жасалған арнайы мониторинг барысында осындай күдікті әрекетті анықтаған. nofake.kz/ тілшісі Қарағанды облыстық полиция департаментіне хабарласып, мән-жайды анықтады.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, видео қазір арнайы мамандардың талдауына берілген. Жалған ақшамен сауда жасап жүргендердің кім екені және жеке деректері анықталып жатыр. Әзірге жалған купюраның саны белгісіз.

Күдіктілер ұсталған жағдайда ҚР ҚК-нің 231-бабына сәйкес, яғни жалған ақша ұстау, жасау және тарату фактісі бойынша 5-6 жылға сотталуы мүмкін. Ал жалған ақша сотта айғақ ретінде қолданылады, одан кейін жойылады. Бұл құзырет полицияның өзінде.

Жалған ақшама мен шын ақша купюраларын анықтау қиын емес. Оның үлгісін Ұлттық Банкінің ресми сайтына өтіп көруге болады. Ұлттық банктің баспасөз қызметі жалған купюраларды ешбір банк пен банкоматтың қабылдамайтынын ескертеді. Егер ондай жағдайға тап болсаңыз, бірден полицияға хабар беру қажет.

Оқу үшін