NoFake

«Спортмастерде» The North Face рюкзактары 1100 теңгеге сатылмайды

Фото: Коллаж nofake.kz/

The North Face рюкзактарына қатысты 1100 теңгелік науқан туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Авторлар мұны «Спортмастердің» ішкі платформасы ұйымдастырып отыр деп көрсетіп, басшылықтың бұл туралы айтуға тыйым салғанын мәлімдеген.

nofake.kz/ редакциясы ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін «Спортмастер» компаниясының ресми сайтына жүгінді. Компания операторының айтуынша, мұндай науқан ешқашан болмаған және қазіргі уақытта да жүргізіліп жатқан жоқ. Барлық ресми ұсыныстар мен жеңілдіктер тек ресми сайтта жарияланады.

«Егер науқан туралы ақпарат біздің ресми сайтта болмаса – бұл жалған. Ресми емес парақшалар мен күмәнді сілтемелерге өтпеуге кеңес береміз», – деді компания өкілі.

Күмәнді сілтемелерден абай болыңыз

Мұндай хабарламалар көбіне фишингтік сайттарға бағыттайды. Онда сізден банк картасының нөмірі, ЖСН, телефон немесе электронды пошта сияқты жеке деректерді сұрауы мүмкін. Бұл ақпарат алаяқтардың қолына түссе, шоттағы ақшаңызды жоғалту қаупі бар.

Сондай-ақ, мұндай хабарламаларда әдетте «шектеулі акция», «тек бүгін ғана», «сауалнаманы тез толтырыңыз» сияқты жедел шешім қабылдататын сөздер жазылады. Бұл – психологиялық манипуляцияның классикалық тәсілі.

Бұған дейін де болған

Бұл жағдай – жалғыз емес. Бұған дейін де «ZARA», «Золотое яблоко», «LC Waikiki» сияқты танымал брендтердің атынан дәл осындай фейк хабарламалар тараған. Олардың мақсаты – пайдаланушыларды жалған сайттарға кіргізіп, жеке мәліметтерін алу.

Қалай қорғануға болады?

Белгісіз сілтемелерді ашпаңыз.

Сайт сілтемесінің соңындағы доменді (мысалы, *.kz, *.ru, .com) мұқият тексеріңіз.

Оқу үшін