NoFake

Қарағандыдағы оқиғаға полиция басшысы түсініктеме берді

Фото: Негмет Исмағұлов. Скрин видеодан

Қарағандыда полицияның тірек пунктінде орын алған қайғылы оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаментінің басшысы Негмет Исмағұлов түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/

«Барлық іс-әрекет мұқият тексеріледі, кінәлілер қатаң жауапқа тартылады. Азаматтарды жалған ақпарат таратудан бас тартуға шақырамын», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің бастығы Негмет Исмағұлов.

Оқиға жайлы

Бүгін, 1 қазан Қарағандыда полицияның тірек пунктінде жалаңаш жатқан қыздың мәйіті табылды. Қасындағы бөлмеде полиция майоры ес-түссіз күйде жатқан. Ол жансақтау бөліміне жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы мен марқұмның өліміне себеп болған жағдай анықталып жатыр.

Оқиға орнына криминалистер барып, ғимарат қоршауға алынды. Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды.

Оқу үшін