Астанада LRT сынақтан өтіп жатыр

Screenshot
29 қыркүйектен Астанада LRT жүйесі тестік режимде іске қосылды. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/ тілшісі.
Мамандар инфрақұрылымның техникалық дайындығын, қауіпсіздік жүйесін және жолаушыларға қолайлы ма — соны тексереді. Сынақ кемінде 6 айға созылады.
LRT жүйесі GoA4 деңгейіндегі толық автоматтандырылған басқару технологиясымен жабдықталған. Яғни, пойыз жүргізушісіз жүреді.
Сынақ екі кезеңге бөлінген:
Бірінші кезеңде – рельстерге кернеу беру, кабельдік желіні тексеру, пойыздарды іске қосу қарастырылған. Екінші кезеңде – автоматты басқару, қозғалыс қауіпсіздігі, радиобайланыс, платформалық есіктермен өзара әрекет, түрлі төтенше жағдайды модельдеу.
Қауіпсіздік үшін эстакада мен жол желісіне шығуға қатаң тыйым салынады, себебі байланыс желісі 750V кернеумен жабдықталған.
Жүйе сынақтан толық өткеннен кейін, 2026 жылы LRT жолаушыларға қызмет көрсете бастайды.


