NoFake

Алматыда ер адам «есірткімен ұсталды» деген ақпарат — жалған

Polisia.kz

Алматы көшелерінің бірінде полиция қызметкерлерінің ер адамды ұстаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда полицейдің жерде жатқан азаматтың қалтасына «белгісіз зат салып жіберген болуы мүмкін» деген болжам жасалған.

Алайда Алматы Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.


«Полицияға тәуліктік жалдамалы пәтердің ақысы төленбегені туралы хабар түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барып, тексеру кезінде екі азаматты ұстады. Олардың бірі – кәмелет жасқа толмаған, екіншісі – ересек адам. Жасөспірім ата-анасына тапсырылып, олар тәрбиедегі олқылық үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Ал ересек азамат мас күйінде болып, полицияның заңды талабына бағынбағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерде тараған «азамат есірткі сақтағаны үшін ұсталды» деген мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Видеода оның қалтасынан өзіне тиесілі жеке заты түсіп қалғаны ғана көрінеді. Полицейлер ол затты иесіне қайтарып берген. Ұсталғанға ешқандай тыйым салынған зат қосылмаған», – делінген Алматы Полиция департаментінің хабарламасында.

Департамент өкілдері полиция тек заң аясында әрекет ететінін атап өтіп, тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Оқу үшін