Алаяққа алданбау психологиясы

Өзін банк немесе ҰҚК қызметкері, полицей ретінде таныстырып, адамдарды қорқытып, ақша, жеке деректер сұрайтын алаяқтарға алданбау үшін бірқатар психологиялық әдісті қолдануға болады.
- Эмоцияға берілмеңіз – сырттай бақылаушы болыңыз
Алаяқтар адамды барынша үрейлендіріп, асықтыруға тырысады. Сөйтіп, сізді эмоциялық тұрғыда басқарады. «Шотыңыз бұғатталды», «атыңызға несие рәсімделді», «қылмыстық іске қатысыңыз бар» деген сөздермен қысым жасайды. Мұндайда эмоцияға бой бермей, алаяқтың әрекетін сырттай бақылаңыз. Сабыр сақтаңыз. - Логиканы қосыңыз: өзіңізге қарапайым сұрақтар қойыңыз
Бұл ақпарат неге ресми (жазбаша) емес, тек телефонмен айтылады? Мен неліктен ресми мекемеге өзім хабарласпаймын? Өрт шыққандай неге сонша асықтырып жатыр?
Осы сияқты сұрақтар қойсаңыз, қоңыраудың күмәнді екенін аңғарасыз. - Ешкімге жеке мәлімет бермеңіз
Банк картасының нөмірін, SMS код, жеке куәлік деректерін, құпия сөздерді ешкімге айтпаңыз.
Есіңізде болсын: Банк те, полиция да телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды. Олар ешқашан дереу шұғыл әрекет етуді немесе ақша аударуды талап етпейді.
Күмәнді сұраққа былай деп жауап беріңіз:
«Рақмет, кейін өзім хабарласамын. Ақпаратты тексеремін». - Ұзақ сөйлеспеңіз, әңгімені бірден тоқтатыңыз
Алаяқпен ұзақ сөйлесу – тұзаққа түскенмен тең. Сондықтарн, сыпайы түрде былай деңіз: «Кешіріңіз, сөйлесуге уақытым жоқ. Сау болыңыз» немесе қоңырауды үзіңіз. - Алдын ала дайындалыңыз
Телефон алаяқтарынан қорғанудың ең тиімді жолы — осындай жағдайларға алдын ала дайын болу. Жақындарыңызбен, әсіресе қарт әке-шешеңізбен, туыстарыңызбен осы тақырыпта сөйлесіп, осындай сценарийлерді талқылаңыз. Алдануға асықпаңыз!


