NoFake

1472 бірыңғай нөмірі: енді мұғалімдер мектеп басшылығына қатысты шағымдана алады

1472 бірыңғай нөмірі: енді мұғалімдер мектеп басшылығына қатысты шағымдана алады

Фото: primeminister.kz

Қазақстанда жұмыс барысында қиындыққа тап болған педагогтерге арналған байланыс орталығы іске қосылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Мұғалімдер мектеп әкімшілігімен немесе оқушылардың ата-аналарымен арада дау туындаса, еңбек құқықтары бұзылса, жалақы мен үстемақыны есептеуде мәселе болса 1472 нөмірі арқылы орталыққа хабарласа алады. Орталық мамандары әдістемелік мәселелер бойынша да кеңес береді»,-деді министр.

Министрдің сөзінше, бұған дейін мұғалімдерге шағымына жауап алу үшін айлап күтуге, шағымын қайта жолдауға және бірден бірнеше ведомствоға жүгінуге тура келген.

Министрлік барлық өтініштің құпия сақталатынына уәде берді.

Әзірге байланыс орталығы сынақ режимінде жұмыс істейді. Алдағы екі аптада мамандар жүйені тексеріп, техникалық ақауларды түзетеді.

Оқу үшін