NoFake

«Халықтық құрылыс»: Тоқаев жемқорлардың бағдарламаға кедергі келтіруіне жол бермейтінін айтты

«Халықтық құрылыс»: Тоқаев жемқорлардың бағдарламаға кедергі келтіруіне жол бермейтінін айтты

Фото: Aqorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында әлеуметтік нысандардың сапалы салынуын талап етті. Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасап, жемқорлыққа қарсы күреске тоқталды.

«Ал сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз. Олар қазірдің өзінде “Халықтық құрылыс” бағдарламасын іске асыруға кедергі келтіріп, зиян тигізуді ойлап жүр. Біз бұған, әлбетте, ешқашан жол бермейміз», – деді Президент.

Тоқаев жолдар, әуежайлар, емханалар, оңалту орталықтары, шығармашылық үйлері, мектептер мен спорт кешендері сапалы салынуға тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет қаржысының тиімді жұмсалуын арнайы мемлекеттік комиссия қадағалайды. Оның құрамы келесі аптаның басында жарияланады», – деді Мемлекет басшысы.

Президент бұған дейін заңсыз иемденілген активтерді қайтару нәтижесінде түскен 1,3 триллион теңгеден астам қаражат 466 әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысанның құрылысына жұмсалғанын айтты. Қазір олардың 383-і салынып біткен. Үкімет пен бақылаушы органдарға 24 қарашаға дейін жемқорлық құқықбұзушылықтарын азайту және квазимемлекеттік сектордағы жұмыс сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар беру тапсырылды.

Оқу үшін