NoFake

«Пәтерді жалға беремін»: Бас прокуратура алаяқтық схемасы жайлы хабарлады

«Пәтерді жалға беремін»: Бас прокуратура алаяқтық схемасы жайлы хабарлады

Фото: Depositphotos

Астананың 37 жастағы тұрғыны Қазақстанның бірнеше қаласында пәтер жалдау туралы жалған хабарландыру жариялап, 13 адамнан 2,1 млн теңге алған, деп хабарлайды NoFake.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бұған дейін де сотталған әйел өзін пәтер иесі ретінде таныстырып, азаматтардан депозит пен алдын ала төлем талап еткен. Ақшаны алған соң өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

«Қысқа уақыт ішінде оның алаяқтық әрекеттерінен 13 адам зардап шекті. Келтірілген жалпы шығын көлемі 2,1 млн теңгені құрады. Сот үкімімен ол екі немесе одан да көп адамға қатысты бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3) және 4) тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Алайда кәмелетке толмаған баласының болуына байланысты жазаны орындау үш жылға кейінге қалдырылды. Жәбірленушілердің шығынды өтеу туралы талаптары толық қанағаттандырылды.

«Алаяқтыққа жол бермеу үшін пәтерге меншік құқығын растайтын құжаттарды тексеріп, жалға берушінің жеке басына көз жеткізу қажет. Құжаттар тексеріліп, жалдау шарты жасалғанға дейін алдын ала төлем немесе кепілақы аудармаңыз», — деп кеңес берді мамандар.

Айта кетейік, бұған дейін біз жалған пәтер хабарландыруымен тұрғындарды алдаған Ақмола тұрғыны ұсталғаны жайлы жаздық.

Оқу үшін