Ұлытауда банк менеджері сақтандыру төлемдері арқылы қалай ақша жымқырған

Ұлытау облысында банк менеджері тұрғындарды сақтандыру өтемақысын рәсімдеп беремін деп үш адамды алдап, олардың ақшасын заңсыз иемденгені үшін сотталды, деп хабарлайды NoFake.kz
Ұлытау облысының прокуратурасы екінші деңгейлі банктердің қызметтік тексеру материалдарын зерделеу барысында ақша жымқыру фактісін анықтаған. Прокуратураның мәліметінше, банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдаған.
«Банк менеджері қызметтік жағдайын пайдаланып, азаматтарды алдау арқылы сақтандыру өтемақысын рәсімдеу және төлеу сылтауымен өңір тұрғындарының ақшалай қаражатын иемденген. Кінәлі тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі шығарылды », – делінген прокуратура хабарламасында.
Салдарынан Ұлытау облысының үш тұрғыны зардап шеккен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 200 мың теңге.


