NoFake

Гарвард университеті павлодарлық оқушының оқуға түскенін жоққа шығарды

Гарвард университеті павлодарлық оқушының оқуға түскенін жоққа шығарды

Фото: extension.harvard.edu

Әлеуметтік желілерде Павлодарлық оқушы Айханым Оқасованың Гарвард университетіне түскені және толық білім грантын алғаны туралы ақпарат әлі де талқыналанып жатыр. Осыған байланысты NoFake.kz редакциясы аталған университетке ресми сауал жолдаған болатын. Университет өкілдері өздерінің дерекқорында мұндай есімді адамның тіркелмегенін хабарлады.

Редакция университеттен Айханым Оқасованың 2026 жылы Harvard Extension School (HES) бағдарламасына қабылданған-қабылданбағанын, нақты қай бағдарламаға түскенін және оған оқу ақысын толығымен өтейтін грант берілген-берілмегенін сұрады.

Гарвард университетінің БАҚ-пен байланыс бөлімі редакция сауалына берген жауабында Айханым Оқасованың аты-жөні оқу орнының дерекқорында жоқ екенін мәлімдеді.

Скрин Гарвард университетінің жауабынан

«Біздің дерекқорымызда мұндай есімді адамның тіркелгені туралы ақпарат жоқ», – делінген Гарвард университетінің БАҚ-пен байланыс бөлімінің редакциямызға берген жауабында.

Сонымен қатар университет өкілдері Harvard Extension School бакалавриат бағдарламаларына қабылдау және жас шектеулеріне қатысты ресми талаптармен танысуға кеңес берді. Олардың айтуынша, құжатта оқуға түсу талаптары, кімдердің өтініш бере алатыны және өтініш беру мерзімдері көрсетілген.

Айта кетейік, бұған дейін біз әлеуметтік желі қолданушылары павлодарлық оқушының Гарвард университетіне қабылданғаны туралы ақпарат пен сертификаттарының шынайылығын тексере бастағаны жайлы жаздық.

Оқу үшін