Астанада Mega Silk Way-ден адамдардың эвакуацияланғаны рас па

Скриншот: әлеуметтік желі
Әлеуметтік желіде Астанадағы Mega Silk Way ойын-сауық орталығында адамдардың эвакуцияланып жатқаны туралы видео тарады. Nofake.kz мәселенің мән-жайын анықтап көрді.
Желіде қандай видео тарады?
Threads қолданушысының бірі: «Қайырлы таң! Mega Silk Way-де не болып жатыр? Кезекті оқу-жаттығу шығар деген үміттеміз», — деген жазбамен бөліскен.

Видеода тіпті дабыл дауысы да анық естіледі. Тағы бір желі қолданушылары «Бәлкім өрт, әлде ТЖД ұйымдастырған тексеру» деген пікір де қалдырған.

Ойын-сауық орталығының жауабы қандай?
MEGA Silk Way орталығы аталған жазбаның астында аталған видеоға қатысты түсініктеме берген.
«Бүгін MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығының аумағында адамдарды эвакуациялау шараларын қамтитын жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті. Барлық іс-шара аяқталды. Сауда-ойын-сауық орталығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр», — делінген хабарламада.
Түйін
Осылайша, MEGA Silk Way аумағында өрт шыққаны немесе қандай да бір төтенше жағдай орын алғаны туралы ақпарат расталмады. Ойын-сауық орталығындағы дабыл мен эвакуация жоспарлы өрт-тактикалық оқу-жаттығулары аясында өткізілген. Қазіргі уақытта орталық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.


