NoFake

Тәжікстан ІІМ көріпкелдер мен жалған молдалардың деректер базасын құрып жатыр ма

Фото: pixabay.com

Тәжікстан Ішкі істер министрлігі көріпкел, бақсы және олардың клиенттері туралы мәліметтерді арнайы деректер базасына енгізетінін жариялады, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, бұл есепке азаматтардың басқа санаттары да ілінуі мүмкін.

«Фанатизмнің алдын алу шаралары туралы хабарландыру» атты ресми хабарламада Тәжікстан Ішкі істер министрлігі тәуіптікпен, көріпкелдікпен және сиқырмен айналысатын адамдардың аты-жөнін арнайы деректер базасына енгізу ниеті бар екенін мәлімдеді.

«Фанатизмнің, көріпкелдіктің, сиқырдың және халықты алдаудың басқа да түрлерінің алдын алу мақсатында Ішкі істер министрлігінің арнайы деректер базасына көріпкелдердің, сиқыр және чародейлікпен айналысатын адамдардың, кезіп жүрген шала сауатты молдалардың, интимдік қызмет көрсететіндердің, олардың клиенттері мен жақындарының, есірткіге тәуелділердің, сондай-ақ осындай әрекеттерге қатысы бар басқа да азаматтардың аты-жөні енгізіліп, олардың барлығы тұрақты бақылауда болады», — делінген ІІМ хабарламасында.

Ведомство сондай-ақ аталған азаматтар туралы ақпарат тиісті құрылымдардың сұрауы бойынша берілетінін хабарлады. Азаматтар арнайы есеп тізіміне өзі түсіп қалмау үшін көрсетілген санаттағы адамдармен байланыстан аулақ болуға шақырылды.

Оқу үшін