NoFake

Арқалықтағы екі колледжде «жалған оқу» белгілері анықталды

Фото: Depositphotos

Арқалық қаласындағы екі колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысына бөлінген бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталды, деп хабарлайды NoFake.kz прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Арқалық қаласының прокуратурасы Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі мен Арқалық политехникалық колледжінде бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.

Тексеру барысында мемлекеттік грантпен күндізгі бөлімде оқитын кейбір студенттердің бір мезгілде еліміздің басқа өңірлерінде жұмыс істегені анықталған. Прокуратура мұны мемлекеттік қаржыландыру шарттарын бұзу деп бағалады.

«Қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 3 млн теңге қайтарылып, 5 кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – делінген прокуратура хабарламасында.

Қадағалау органы бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуын бақылау және мемлекеттік қаржыландыруды нақты білім алушылар санына сәйкес жүргізу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді.

Оқу үшін