NoFake

ІІМ ЖСН-ді өзгертуге болады деген ақпаратты жоққа шығарды

Фото: yur.kz

Әлеуметтік желіде кибершабуыл салдарынан дербес деректері тарап кеткен қазақстандықтар ЖСН-ін өзгерте алады деген ақпарат тарады. ҚР Ішкі істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Желіде тараған жазбада бұған дейін өмір бойына бір рет берілетін ЖСН-ді енді ресми түрде ауыстыруға мүмкіндік берілгені айтылады.

Скрин трэдс

Автор мұны дербес деректердің кибершабуылдар салдарынан таралуымен байланыстырып, ЖСН-і жария болған әр азамат оны ауыстыруға құқылы деп жазған. Алайда ІІМ бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін түсіндірді.

«Азаматтар заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті органдарға жүгіну арқылы өздерінің аты-жөнін және басқа да дербес деректерін өзгертуге құқылы. Алайда ЖСН азаматқа бір рет беріледі және қайта өзгертілмейді», — деп түсіндірді ведомство.

ІІМ-нің ресми түсіндірмесінде ЖСН бірегейлік және өзгермеушілік қағидаттары бойынша қалыптастырылатыны көрсетілген. Азаматтың аты-жөні, туған күні, жынысы немесе басқа деректері өзгерген жағдайда да ЖСН өзгермейді.

Оқу үшін