NoFake

Қазақстанда Stadler вагондары қашан пайдалануға беріледі

Фото: rail-news.kz

Бүгін Үкімет отырысында өткен брифингте ҚР Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Қазақстанда Stadler вагондары қашан іске қосылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Естеріңізде болса, аталған мәселе көпшілік тарапынан жиі талқыланатын еді. Себебі, ведомство бұған дейін аталған вагондар көктемде пайдалануға берілетінін айтқан болатын.

«Қазіргі таңда аталған вагондарға қатысты тестілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ техникалық тұрғыда жетілдіру мәселелері қарастырылып жатыр. Осыған байланысты, Stadler вагондары қазан айының соңы, қараша айының соңында пайдалануға беріледі деп айта аламыз», — деді ведомство өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан темір жолы» АҚ купе вагондарына бір-бірін танымайтын ерлер мен әйелдер енді орналаса алмайды деген қауесетке қатысты жауап берген еді.

Оқу үшін