«Жарыс пен артық шығынға айналмауы тиіс»: Министрлік ата-аналарға ұстаздарға гүл сыйлау тәртібін түсіндірді

Иллюстративное фото: Depositphotos
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 1-ші қыркүйекте ұстаздарға гүл сыйлау тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Ведомсто мәліметінше, 1 қыркүйекте ұстазға гүл сыйлау жақсы дәстүр. Алайда министрлік оның міндетке, жарысқа немесе артық шығынға айналмауы тиіс екенін ескертті.
«Ең бастысы гүлдің көлемі немесе бағасы емес, баланың ұстазына деген құрметі. Сондықтан гүл сыйлау әр бала мен ата-ананың ерікті таңдауы болуы керек», — делінген хабарламада.
Министрлік бұл ретте білім беру ұйымдары гүл немесе сыйлық сатып алуға бастамашылық жасамауы, ақша жинауды ұйымдастырмауы және мұны ата-аналарға міндеттемеуі тиіс екенін атап өтті.
«Біздің мақсатымыз мектептегі алғашқы күнді даңғазасыз, жылы әрі тәрбиелік мәнде өткізу, балаларды ұстазды құрметтеуге, қарапайымдылық пен ізгілікке тәрбиелеу», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепте қыздарға тыйым салынуы туралы ақпаратқа түсініктеме берген еді.


