АҚШ-тағы әйелдерге шабуыл жасайтын «бандиттік тренд» туралы хабар — жалған

Фото: Snopes.com
Әлеуметтік желіде АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт полициясының атынан жас жігіттер арасында әйелдерге пышақпен шабуыл жасауға үндейтін «бандиттік бастама» таралып жатқаны туралы жалған ақпарат жарияланды, деп хабарлайды NoFake.kz Snopes басылымына сілтеме жасай отырып.

«Детройт полиция департаменті 2026 жылдың тамызында жас жігіттердің әйелдерді пышақтайтын «бандиттік бастама» тренді туралы ескерту жасады деген мәлімет – жалған», — деп жазады басылым.
Бұл туралы Детройт қаласының полиция департаменті Snopes басылымына электрондық пошта арқылы хабарлаған.
«Snopes басылымының сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаларға жүргізген мұқият тексерісі бандиттік бастама кезінде болды делінген пышақтаулар туралы ескерту жазбаларын таппады», — дейді.
Мамандар Bing, DuckDuckGo, Google және Yahoo іздеу жүйелері арқылы жүргізілген іздеу Детройтта бандиттік бастамаға қатысы бар пышақтаулар туралы ешқандай сенімді ақпаратты көрсетпегенін жазады. Егер полиция шынымен де осындай ескерту таратқан болса, бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен жариялаған болар еді.
«2026 жылдың тамызындағы тақырыптардың әлеуметтік желілерде басқаша беріліп, кейіннен көшіріліп тарайтын мәтінге (copypast) айналуы әбден мүмкін, өйткені қолданушылар оны интернетте бөлісе бастаған», — дейді сарапшылар.
Айта кетейік, бұған дейін біз ІІМ жарылыс туралы жалған хабарлама таратқан жасөспірімдерді ұстағаны жайлы жазған болатынбыз.


