Кентау тұрғындарын дүрліктірген хабарлама — жалған

Фото: Gov.kz
Кентауда көпқабатты үйдің ауласынан адам денесі табылғаны туралы тараған ақпарат расталмады. Бұл туралы полиция мәлімдеді.
Полиция мәліметінше, Кентауда Яссауи даңғылындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан адам денесі табылғаны жөнінде хабар түскен.
«Оқиға орнына жедел-тергеу тобы бірден шықты. Полиция аталған аумақты, соның ішінде қоқыс жәшіктерін тексерді. Ақпарат расталған жоқ», — деп хабарлады полиция.
Қазір полиция жалған хабарламаның қайдан шыққанын және қалай тарағанын анықтап жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша заңнамаға сәйкес шешім қабылданады. Полиция тұрғындарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырып, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

