Назарбаев денсаулығына байланысты Құрылтай сайлауында үйінде дауыс берді
Фото: nazarbayev.kz
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда үйінде дауыс берді.
Оның баспасөз қызметі бұған жуырда жасалған операция себеп болғанын хабарлады.
«Денсаулық жағдайына және жуырда омыртқасына жасалған операцияға байланысты Нұрсұлтан Назарбаев үйінде дауыс берді», — деп хабарлады оның баспасөз қызметі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді.


