NoFake

Алматыда жарық тек кешкі он жарымда беріледі — фейк

Фото: sxodim.com

Әлеуметтік желіде Алматыға жарық тек кешкі 22:30-23:00-де беріледі деген ақпарат тарап жатыр. Қала әкімдігі аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Алматы қаласы мен Алматы облысында жарық 14 тамыз күні, тек кешкі 22:30-дар шамасында толық қалпына келтіріледі» деген ақпарат тарап жатыр. Аталған ақпараттың рас-өтірігін білу үшін, қала әкімдігіне хабарластық. Ондағылар ақпараттың жалған екенін атап өтті.

Сонымен бірге, редакция аталған сауалды Энергетика министрлігі мен «KEGOG» компаниясына жолдады. Әзірге ведомство мен компания жауап берген жоқ.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысы мен Алматы қаласында электр жарығы жаппай сөнген еді. Осыған орай, «Алматы жарық» компаниясы болған жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған еді. Редакция аталған ақпаратты өз назарында ұстайды. Осы ретте, азаматтарға тек уәкілетті органдар мен энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың ресми хабарламаларына сүйену сұралады.

Оқу үшін