NoFake

«Іле-Балқашта» түсірілді делінген жолбарыстың фотосын министрлік жоққа шығарды

Фото: t.me/EcologyofQazaqstan

Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс бейнеленгені туралы фотосурет тарады. Алайда Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, жарияланған суретте жасанды интеллект арқылы жасалған кескіндерге тән белгілер байқалады.

«Табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығы спутниктік GPS-қарғыбаумен жабдықталған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстайды. Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік азаматтар мен БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге ғана сенуге шақырды.

Оқу үшін