Сайлау науқанында азаматтардың жеке деректері қалай қорғалады

Фото: pixabay.com
ҚР Жасанды интеллект және цифрландыруды дамыту министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин сайлау уақытында азаматтардың жеке деректерін кімдер, қалай қорғайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.
Оның айтуынша, миллиондаған азаматтардың жеке деректеріне министрлік, цифрлық үкімет операторы — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «Мемлекеттік техникалық қызметі» мекемесі жауап береді.
«Осы екі мемлекеттік мекеме барлық азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын қамтамасыз етеді. Сайлау науқаны кезінде де осы мекеме жеке деректердің таралмауына жауапты болады», — деді ол.
Сондай-ақ, вице-министр байланыс операторлары тарапынан сол күні интернет сапасын бақылау күшейтілетінін атап өтті.
«Оның ішінде мемлекеттік-техникалық базамен жұмысты жандандырып жатырмыз. Сондай-ақ, болуы мүмкін цифрлық шабуылдардың алдын алу жұмыстарын да күшейтеміз. Сондықтан, бұл мәселе қатаң бақылауда», — деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Жасанды интеллект және цифрландыруды дамыту министрлігінің бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин сайлау күні интернет сапасы қалай болатынын және бүгінде Қазақстанда сайлау науқанында ЖИ мүмкіндіктері пайдаланылмайтынын атап өткен еді.


