NoFake

Құрылтай күні интернет қалай жұмыс істейді: вице-министр жауабы

Фото: primeminister.kz

ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Құрылтай күні интернет жұмысында ақаулар болған жағдайда, қандай іс-шара қолданатынын түсіндірді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Вице-министрі Ростислая Коняшкиннің айтуынша, министрлік бүгінде аталған бағытта жұмысты күшейтіп жатыр.

«Байланыс операторлары тарапынан сол күні интернет сапасын бақылау күшейтіледі. Оның ішінде мемлекеттік-техникалық базамен жұмысты жандандырып жатырмыз. Сондай-ақ, болуы мүмкін цифрлық шабуылдардың алдын алу жұмыстарын да күшейтеміз. Сондықтан, бұл мәселе қатаң бақылауда», — деді ол.

Сонымен бірге, ол алдағы сайлау науқанында елімізде сайлау жұмыстарына қатысты ИИ негізіндегі жаңа функция іске қосылмайтынын мәлімдеді. Айтуынша, азаматтар қолданыстағы цифрлық сервистерді пайдалана отырып, өздерінің сайлау учаскесі мен сайлау өтетін учаске туралы ақпаратты біле алады.

Айта кетейік, Қазақстанда тамыздың 23-інде Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Оған елімізден 7 партия қатысады.

Оқу үшін