Сайлауалды үгіт-насихат кезіндегі «ұтыстар», алаяқтарға сену психологиясы және коллекторларға шектеу

Коллаж: NoFake.kz
«Партияға дауыс бер де, 100 пәтердің бірін ұтып ал!» Соңғы күндері әлеуметтік желіде белгілі продюсер Баян Алагөзованың атынан осындай жалған видео тарап, жұртты жалған ұтысқа қатысуға шақырды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Алайда бұл – кезекті фейк. Өйткені Қазақстан заңнамасына сәйкес, сайлауалды үгіт-насихат кезінде лотерея ұйымдастыруға, сыйлықтар мен ақша ұсынуға немесе мұндай уәде беруге қатаң тыйым салынған.
Неліктен адамдар әлі күнге дейін «оңай олжа» мен «тез байытатын» ұсыныстарға сенеді? Алаяқтар қандай психологиялық тәсілдерді пайдаланады? Сондай-ақ коллекторлар борышкердің туыстары мен таныстарына хабарласа ала ма? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға бүгінгі шығарылымда жауап береміз.


