Қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылында қашан демалысқа шығады

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Оқу-ағарту министрлігі 2026-2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ мектеп оқушыларының демалыс кестесін бекітті, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Сондай-ақ оқу тоқсандарының ұзақтығы мен оқушылардың демалыс кезеңдері бекітілді», – деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
- Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, күзгі демалыс 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
- Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын қамтиды. Қысқы демалыс 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін жалғасады.
- Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8-14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
- Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 2027 жылғы 22-28 наурыз аралығында өтеді.
- Төртінші тоқсан 8 оқу аптасын құрап, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Сонымен қатар министрлік 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдерін де бекітті. Толық ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланған.


