NoFake

Алматыда 2 балдық жер сілкінісі болды

Фото: depositphotos

Сейсмологтар эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді, деп хабарлайды NoFake.kz.

29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да Қазақстан ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

«Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары — солтүстік ендіктің 41,357° және шығыс бойлықтың 78,778°», — делінген хабарламада.

Сейсмологтардың мәліметінше, Алматы қаласында жер сілкінісінің деңгейі 2 балл болды. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Оқу үшін