NoFake

TikTok-та Николай Расторгуевтің Қазақстан туралы дипфейк видеосы таралуда

Screenshot

TikTok-та «Любэ» тобының солисі Николай Расторгуевтің Қазақстанға және оның аумағынан ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшырылуына қатысты мәлімдеме жасаған жалған видеосы тарап жатыр. Жазбаға жасалған талдау оның жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалғанын көрсетті.

Роликте әртістің шынайы бейнебаян кадрлары пайдаланылған. Дегенмен, әншінің іс жүзінде айтпаған сөздерін жеткізу үшін оның мимикасы, ерін қозғалысы және аудиожолы нейрожелілік алгоритмдердің көмегімен өзгертілген.

Скрин видеодан

Сонымен қатар видеодан дауысты жасанды синтездеу белгілері байқалады. Дауыс тембрі Расторгуевтің өзіне ұқсағанымен, сөйлеу мәнері табиғи емес: мұнда беймәлім интонациялар байқалады, сондай-ақ сөйдеу барысында адамға тән кідірістер мен тыныс алу белгілері жоқ. Бұл дауысты клондау технологиясының қолданылғанын дәлелдейді.

Осылайша, таралып жатқан бұл видеода дипфейкке тән барлық белгілер бар.

Айта кету керек, бұл әртістің қатысуымен жасалған алғашқы фейк емес. Бұған дейін желіде Расторгуевтің Қазақстан тұрғындарын сынға алғаны туралы видео тараған болатын. Кейіннен ол роликтің де жасанды интеллект көмегімен жасалғаны анықталды.

Ол кездегі бұрмалауға әртістің «Владимир Путинмен жыл қорытындысы» бағдарламасында сөйлеген сөзінің кадрлары негіз болған. Түпнұсқа аудиожолы синтезделген сөзбен алмастырылып, Расторгуевтің өзі айтпаған сөздерді айтып тұрғандай әсер қалдыру үшін ерін қозғалыстары түзетілген.

Оқу үшін