Әскери қызмет туралы жалған ақпарат таратқан азамат жауапқа тартылды

Иллюстративное фото: Depositphotos
Қазақстанда әскери қызмет туралы жалған ақпарат таратқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ол өзін әскери қызметші ретінде таныстырып, шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат жариялаған. Сот шешімімен оған 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
«Қорғаныс министрлігі жүргізген тексеру нәтижесінде аталған азаматтың әскери қызметке қатысы жоқтығы және бұған дейін Қарулы Күштерде немесе өзге де әскери құралымдарында қызмет атқармағаны анықталды», – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабының 2-бөлігі («Жалған ақпаратты орналастыру, тарату») бойынша азамат кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Министрліктің хабарлауынша, 26 маусым күні Telegram желісіндегі @egovpress арнасында жарияланған бейнематериалда азамат өзін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі ретінде көрсетіп, әскери қызметтің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратқан.
Қорғаныс министрлігі жүргізген тексеру барысында оның әскери қызметке ешқандай қатысы жоқ екені және бұрын Қарулы Күштерде немесе өзге әскери құрылымдарда қызмет атқармағаны анықталған. Осыдан кейін материалдар ішкі істер органдарына жолданып, нәтижесінде азамат жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Министрлік әскери қызмет пен Қарулы Күштердің беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпаратты тарату заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.


