Арнайы теміржол билеттерін енді онлайн рәсімдеуге болады

Фото: Depositphotos
І топтағы мүгедектігі бар адамдар енді арнайы орындарға теміржол билеттерін кассаға бармай-ақ онлайн сатып ала алады. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы хабарлады.
Бұған дейін мұндай билеттерді рәсімдеу үшін жолаушылар міндетті түрде теміржол кассасына жүгінуге мәжбүр болатын. Қадағалау органы енгізген қадағалау актісінен кейін Көлік министрлігі жүйені жетілдіріп, мүгедектігі бар жолаушыларды автоматты түрде сәйкестендіру мүмкіндігін іске қосты.
2026 жылдың маусым айынан бастап әлеуметтік маңызы бар пойыздардағы арнайы орындарға билеттерді онлайн рәсімдеу сервисі жұмыс істей бастады. Бұл «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының электрондық билет сату жүйесін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірудің нәтижесінде мүмкін болды.
Жаңа қызметтің арқасында І топтағы мүгедектігі бар шамамен 90 мың азамат арнайы орындарға арналған теміржол билеттерін интернет арқылы өз бетінше рәсімдей алады.


