NoFake

Жидек маусымы: санитарлар жемісті таңдауда неге назар аудару қажеттігін ескертті

Фото: pixabay.com

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды жидек таңдау барысында сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Ведомство жидектер маусымының басталуымен сауда орындарында құлпынай мен жидектің түр-түрі пайда болатынын ескертті. Осы ретте, мамандар оларды таңдау барысында тек дәміне ғана емес, денсаулыққа пайдалылығы тұрғысынан да таңдауға кеңес берді. Комитет жидектерді тек рұқсат етілген сауда орындарында сатып алуды ұсынады.

Осыған орай, ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарға құлпынай, шие сияқты жидектерді таңдау барысында төмендегі кеңестерге құлақ түруге кеңес береді:

• Жидектерді тек рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;

• Зақымданбаған, шірік пен көгеру белгілері жоқ жемістерді таңдаңыз;

• Құлпынай құрғақ, тығыз әрі жапырақшалары жасыл және балғын болуы керек;

• Шие тығыз, жылтыр және сабағы жасыл түсті болуы қажет;

• Мыжылған, шырыны ағып тұрған немесе тым пісіп кеткен жидектерді сатып алмаңыз;

• Тұтынар алдында жидектерді ағын сумен мұқият жуыңыз;

• Рұқсат етілмеген сауда орындарынан және автокөлік жолдарының бойынан жидектерді сатып алмаңыз.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі вакциналар туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Оқу үшін