NoFake

«Самұрық-энерго», «Kegok» қызметкерлерінің қысқарғаны рас па

Фото: kegoc.kz

Бүгін Үкіметте өткен брифингте «Самұрық-Энерго», «Kegok» cынды ірі компанияларда расымен қызметкерлер қысқарды ма деген сауалға мекеме басшылары жауап берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Естеріңізде болса, бұған дейін мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ мен оған еншілес компаниялардағы тиімсіз қызметкерлерді қысқарту жөнінде ескерту жасаған еді. Осыған орай, «Самұрық-Қазына» АҚ қарасты «Самұрық-Энерго» мен «Kegok» компанияларында кімдердің қысқарғаны туралы ақпарат көптің көкейінде жүрген еді. Себебі, көпшілік аталған ірі ұйымдарда тек қатардағы қызметкерлердің қысқарғанын, алайда басшылық лауазымындағы қызметкерлердің қысқармағанын жиі талқылаған болатын. Бүгін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов пен «Kegok» басшылары АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компанияда нақты кімдердің қысқарғанын атап өтті.

«Біз қысқартуларды қараған уақытта, біз «Энергоинформ» филиалдарымен бірге, орталықтандырылған шешім қабылдаймыз. Осылайша, бізде 3 басқарушы директор қызметінен босатылды. Қалған жұмыстан қысқарған қызметкерлер әкімшілік басқарудағы мамандар», — деді «Kegok» басшылары АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов.

Сонымен бірге «Самұрық Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов та қысқарған қызметкерлерге қатысты ақпарат ұсынды.

«Бізде басқарушы директорлар қысқарған жоқ, себебі біздің ойымызша олардың саны орынды. Өйткені олардың әрқайсысы тиісті блокты басқарып отыр. Біз қуаты 11,4 ГВ-ты құрайтын, 25 жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Олардың жалпы сомасы 10 трлн-нан астам қаражатты құрайды. Сондықтан, білікті қызметкерлерді қысқарту тиімсіз деп ойлаймын», — деді ол.

Десе де ол бірлескен басқарушы директорлардың және департамент директорының, жалпы орталық аппаратта қызметкерлерді қысқарту болғанын растады.

Айта кетейік, бұған дейін энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов жазда кей қалаларда ыстық су өшіріледі деген ақпаратты жоққа шығарып, тек кей аумақтарда, жөндеу жұмыстарына байланысты жылы су өшірілетінін түсіндірген еді.

Оқу үшін