NoFake

Желіден нұсқау алған: Алматыда оқушы балтамен шабуыл жасамақ болды

Фото: depositphotos

Алматыда мектепке балта алып келіп, шабуыл жасауды жоспарлаған оқушының әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Алдын ала мәліметке сәйкес, мұндай нұсқауды ол әлеуметтік желілер арқылы белгісіз адамдардан алған. Бұл туралы редакциямызға Алматы қаласы Полиция департаменті хабарлады.

«Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық Полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Кәмелетке толмаған қыз әлеуметтік желілер арқылы алған нұсқаулардың ықпалымен құқыққа қайшы әрекет жасауға ниеттенген. Құқыққа қайшы әрекеттің жолы кесілді», – делінген ведомство мәліметінде.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полиция ата-аналарды балалардың интернеттегі әрекетін бақылауға шақырды.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы қаласындағы бірқатар мектептерде террористік актілер дайындалып жатқаны жөнінде жалған ақпарат тараған еді.

Оқу үшін