Атырауда арнайы жасақтың даулы видеосына қатысты тексеріс басталды

Скрин видео
Әлеуметтік желілерде тараған Атырау облысындағы арнайы жедел әрекет ету жасағы (СОБР) қызметкерлеріне қатысты видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды NoFake.kz.
«ЖҚАЖ қызметкерінің қызметтік тәртіпті бұзу фактісі расталды. Қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, бөлініс басшылығы тарапынан орын алған әдепсіз әрекеттерге байланысты қызметтік тексеру басталды. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті баға берілетін болады», — деп жауап берді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бейнежазбада бөлімше басшылығының қарамағындағы қызметкерлерге дөрекі сөйлеп, физикалық күш қолданғаны көрінеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қызметтік бөлмеде болған. Полиция бұл жағдайға қатысты тексеріс жалғасып жатқанын, оның нәтижесі бойынша қосымша шаралар қабылданатынын мәлімдеді.


