Қазақстанның туы тұр: TikTok-та қырғызша сөйлеген «депутат» видеосы – дипфейк

Скрин видео
Тик-Ток желісінде Қазақстан Парламенті Мәжілісінің залына ұқсатылған кеңістікте Roblox ойынын сынап, қырғыз тілінде айқайлап тұрған «депутаттың» видеосы – ЖИ өнімі, деп хабарлайды NoFake.kz.
Декорациядағы қателіктер: Бұл біздің Мәжіліс емес
Автор Қазақстан туы мен Мәжіліс стилін пайдаланғанымен, архитектуралық қателіктерге бой алдырған. Видеодағы отырыс залы домалақ пішінде бейнеленген. Алайда, Қазақстан Мәжілісінің нақты залының құрылымы мүлдем өзгеше. Видеоның астында «ЖИ депутат Roblox жайлы қатты айтты. Сіз не ойлайсыз — ол дұрыс айтады ма, әлде қатты кетті ме?» деген жазу бар.

ЖИ-видеоның белгілері: Дипфейкті қалай танимыз?
Бұл видео жасанды интеллектінің бүгінгі мүмкіндіктері мен кемшіліктерінің анық көрінісі. NoFake.kz видеоның фейк екенін дәлелдейтін мынадай белгілерді анықтады.
Басты кейіпкер сөйлеу барысында бірде-бір рет көз жұмбайды. Адамға тән табиғи жыпылықтаудың болмауы – ЖИ генерациясының басты белгісі.
Тыңдаушылар қатарында отырған екі «депутат» басын бір мезгілде, бірдей траекториямен шұлғиды. Мұндай мінсіз синхронды қимыл шынайы өмірде мүмкін емес.
Залдағы адамдардың бет терісі тым мінсіз, текстурасы жоқ және пластик қуыршақтарға ұқсайды. Бұдан ЖИ кейіпкерлердің әжімдері мен ұсақ детальдарды әлі толық жасай алмайтындығын көруге болады. Ал Қазақстандық мінберде тұрып, қырғыз тілінде Roblox ойынын талқылау – логикалық диссонанс. Оған қоса біздің мемлекеттік мекемелердегі мінберде туды домалақ пішінге салып, орналастырмайды. Бұдан да ЖИ-дің оны Елтаңбамен шатастыруы мүмкін деген болжам жасауға болады.


