NoFake

Бас прокуратура жалған курьерлік хабарламалар жайлы ескертті

Фото: Depositphotos

Бас прокуратуражалған курьерлік хабарламалардан сақ болуды ескертті, деп хабарлайды NoFake.kz.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қоғамдық қауіпсіздіктің қылмыстық қатерлері мен тәуекелдерін болжау орталығының хабарлауынша , алаяқтар адамдардың интернет-дүкендерден тауар алу әдетін пайдаланады.

Алаяқтық қалай жүзеге асады?

Сіздің телефоныңызға «курьер сәлемдемені тапсыра алмады» деген хабарлама келеді. Оны «түзету» үшін арнайы сілтеме арқылы өту ұсынылады.

«Бір қарағанда, мұндай хабарламалар еш қауіпсіз көрінеді және курьерлік қызметтердің стандартты хабарландыруларына ұқсайды», — деп ескертеді мамандар.

Деректерді ұрлау механизмі

Алайда сілтеме ресми логистикалық компанияның сайтынан айнымайтын фишингтік ресурсқа апарады. Онда жәбірленушіден сауалнама толтыруды және «қайта жеткізу» үшін аздаған комиссия төлеуді сұрайды.

«Тиісті ақпаратты енгізіп, төлем жасағаннан кейін қылмыскерлер құпия мәліметтер мен банктік деректемелерге қол жеткізеді, бұл қаржылық шығынға әкеп соғуы мүмкін», — дейді орталық өкілдері.

Мамандардың айтуынша, қауіп тек ақша ұрлаумен шектелмейді: сіздің жеке деректеріңіз (ЖСН, аты-жөніңіз, мекенжайыңыз) болашақта басқа да қылмыстық схемаларда қолданылуы мүмкін.

Жеделдік пен жаппай сипат – киберқылмыскерлердің басты құралы. Олар пайдаланушының автоматты түрде әрекет етуіне немесе сәлемдемесінен «айырылып қалудан» қорқуына сенім артады.

«Алаяқтар азаматтардың сенгіштігін және жеткізу туралы хабарламаларға жылдам жауап беру әдетін белсенді пайдаланады. Сондықтан мұндай схемалар өте тез таралады», — делінген ведомство хабаламасында.

Құқық қорғау органдары алаяқтардың құрығына түспеу үшін қарапайым цифрлық гигиена ережелерін сақтауға шақырады.

Оқу үшін