NoFake

Павлодар медколледжіндегі «пышақтау» туралы ақпарат жалған болып шықты

Фото: Әлеуметтік желіден

Павлодар медициналық колледжінд қыз балаға пышақпен шабуыл жасалды деген ақпаратты облыстық Полиция департаменті жоққа шығарды, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, колледждің кәмелетке толмаған студенті өзіне білегінің тұсынан дене жарақатын салған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы дереу жетті. Зардап шеккен адамға қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Оқиғада қолданылған зат тәркіленді. Басқа зардап шеккендер бар деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді»,-деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция хабарлауынша, қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Оқу үшін