NoFake

Петропавлда «қарулы шабуыл» туралы фейк таратқан оқушы ұсталды

Фото: gov.kz

Полиция мектеп-интернатқа дайындалып жатқан шабуыл туралы жалған хабарлама таратып, «қауіптің алдын алу» үшін ақша талап еткен жасөспірімді анықтады, деп хабарлайды NoFake.kz.

Polisia.kz басылымының жазуынша, оқушы Telegram-арна ашып, облыстық мамандандырылған мектеп-интернатқа шабуыл жасалады деген мазмұнда хабарлама жариялаған.

«Ақпаратты жариялағаннан кейін ол бұл хабарламаны аталған мектептің оқушыларына мессенджер арқылы таратып жіберген. Анықталғандай, кәмелетке толмаған жасөспірім 2024 жылға дейін осы білім беру мекемесінде оқыған. Өз әрекетін “әзілдегім келді” деп түсіндірген. Қазіргі уақытта күдіктінің жеке басы анықталып, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше рет Астана, Алматы, Ақтөбе мектептерінде терроризм туралы жалған хабарламалар туралы жазған болатынбыз.

Оқу үшін