NoFake

Айдын Рахимбаевтың атынан тараған жарнамалық роликтер — дипфейк

Фото: Inbusiness.kz

Әлеуметтік желілерде Айдын Рахимбаевтың атынан жарнамалық жалған дипфектер тарады. BI Group бұл материалдардың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоларда компания басшысы Айдын Рахимбаевтың бейнесі қолданылған. Алайда аталған жазбалар жасанды интеллект көмегімен өңделген және шынайы ақпаратқа сәйкес келмейді. Бұл — фейк және алаяқтық. BI Group бұл видеоларға қатысы жоқ және оларды жарнамада қолданбайды. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және мұндай контентке сенбеңіздер»,-деп мәлімдеді компания ресми парақшаларында.

Сондай-ақ, компания азаматтарды күмәнді сілтемелерге өтпеуге және тек ресми парақшаларда жарияланған ақпаратқа сенуге шақырды.

Оқу үшін