Автокөлік аламын деп, алаяқтарға 16 млн теңге аударған

Фото: Freepik.com
Астана қаласы прокуратурасының хабарлауынша, екі қылмыскер өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырып, жәбірленушіні 16 млн теңге аударуға көндірген, — деп хабарлайды NoFake.kz
Жәбірленуші алаяқтармен мессенджер арқылы сөйлескен. Ойдан құрастырылған мәліметтерге сенген ол, екі ортада автокөлік сатып алмақ түгілі, қолындағы бар ақшадан айырылады.
Сот үкімімен кінәлілер 5 жыл және 6 жыл 8 айға сотталды. Сонымен қатар, жәбірленушіге ақшасы қайтарылады.
Прокуратура алаяқтық үшін мүлікті тәркілеп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.


