NoFake

Шындық әлде фейк: ақпаратты қабылдаудың бес кезеңі

Фото: Freepik.com

Кейде адам ақпаратты толық оқымай жатып-ақ оған сеніп қояды. NoFake.kz жаңалықты қабылдау кезінде адамдар қандай 5 кезеңнен өтетінін және фейкті ажыратуға не әсер ететінін түсіндіреді.

Кез келген адам жаңа ақпаратты немесе жаңалыққа көз жүгіртпей тұрып, төмендегі кезеңдерден өтеді:

Бірінші кезең — пайдаланушыға хабарлама қызық болса, ол бұл жаңалықты ашып көреді.

Екінші кезең — адамдар ақпарат көзіне назар аударады.

Үшінші кезең — жаңалықтың ішіндегі мәліметтерге, оның ішінде ақпарат қашан шықты, кім жариялады сынды детальдарға назар аудара бастайды.

Төртінші кезең — ақпаратты өзінің жеке қабылдау мәнерімен бағалауға көшеді.

Бесінші кезең — тек соңында пайдаланушы жаңалықтың шынайы немесе жалған екенін ойлай бастайды.

Осы орайда, ақпараттың шынайы немесе жалған екеніні танудың үш критерийі бар екенін еске саламыз. Олар: алдымен эмоцияналды түрде қабылдау, ақпараттың қалай берілу сапасын бағалау және ақпарат көзіне деген сенім деңгейі.

Мамандар жалған ақпараттың таралу әдістері мен тәсілдері бар екенін айтады. Оларға төмендегілер жатады:

Фабрикация мен жасанды құжаттар — жалған құжаттар, аудио/бейнемазмұнды манипуляциялау, БАҚ пен мемлекеттік органдардың сайттарының көшірмелері, фотошоп және дипфейктер. 

Кликбейт — цифрлық ортада назар аудартып, трафик алу мақсатында қолданылатын провокациялық және манипулятивті әдістер.

Жалған қорытынды жасау — контекстің бұрмалануы, визуалды материалдарды дұрыс пайдаланбау, логикалық байланыстардың бұзылуы, фактілермен манипуляциялау.

Псевдоғылым мен конспирология — ғылыми, объективті деректерді теріске шығару.

Фрейминг және біржақты ұсыну — оқиға немесе тақырыпты бір тараптан көрсету, бұл оқиғаның әртүрлі интерпретациясына немесе бағалауына әкелуі мүмкін.

Жалған атрибуция — салмақты пікір айтатын адамдар мен ұйымдарға олар айтпаған мәлімдемелер мен пікірлерді жатқызу, бұл олардың мәлімдемелерінің беделін арттыру мақсатында қолданылуы мүмкін.

Жалған тезистерді қайталау — пропагандалық әдіс, мұнда идея немесе қарапайым ұран белгілі бір уақыт аралығында қайталанған сайын, ол шындық ретінде қабылдануы мүмкін.

Оқу үшін