Астанада мектеп оқушысы «бомба қойылды» деп жалған хабар таратты

Фото: Depositphotos
Астанадағы мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама «102» арнасына түскен. Бұл туралы терроризмге қарсы орталық мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
«Оқиға орнына жедел қызметтер барып, тексеру жүргізгенімен, ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Тексеру барысында бұл әрекетті сол мектептің 13 жастағы оқушысы жасағаны анықталды. Тергеу мәліметінше, ол әлеуметтік желідегі белгісіз адаммен байланысып, интернеттегі контенттің ықпалымен осындай әрекетке барған», — делінген орталықтың ресми хабарламасында.
Жасөспірімнің айтуынша, ол бұл үшін ақша алмаған, мақсаты — сабақты тоқтатып, оқу процесін бұзу болған.
Тінту кезінде оның үйінен телефондар мен көп мөлшерде SIM-карта тәркіленді. Қазіргі таңда ҚР ҚК 273-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.


