NoFake

Агрессивті түлкінің видеосы: Оқиға Ақмола облысында орын алмаған

Фото: freepik

Әлеуметтік желілерде агрессивті түлкінің дүкенге кірмек болғаны түсірілген бейнежазба таралып, оқиға Бурабайда болған деген ақпарат жарияланды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Алайда Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Әлеуметтік желілерде таралып жатқан, түлкінің дүкенге кірмек болғаны бейнеленген бейнежазбаның Бурабай ауданының аумағына ешқандай қатысы жоқ. Оқиға Бурабай кентінде емес, Ресейдің Новосібір облысында орналасқан Боровое ауылында болған», — делінген хабарламада.

Әкімдік БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі пайдаланушыларынан оқиғаның нақты географиялық орнын ескеріп, жалған ақпарат таратпауын сұрады.

Оқу үшін