NoFake

ТЖД Қонаев маңында жер сілкінісі болды деген ақпарат — жалған

Zemletryasenie

Фото: Gov.kz

Сейсмикалық станциялардың деректеріне сәйкес, өңірде жер асты дүмпулері тіркелмеген, деп хабарлайды nofake.kz/.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қонаев қаласынан 8 км қашықтықта эпицентрі бар, магнитудасы 4,1 болатын жер сілкінісі болғаны туралы ақпарат таралуда.

«Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректеріне сәйкес Алматы облысы аумағында және Қонаев қаласының маңында жер сілкінісі тіркелмегенін хабарлайды. Тұрғындардан өтініштер түскен жоқ, сонымен қатар, қираулар мен зардап шеккендер туралы мәліметтер тіркелмеді. Қонаев қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз»,-делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ ТЖД төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтар 112 нөміріне дереу хабарласуы керектігін еске салды.

Оқу үшін