ІІМ пәтерді жалға алғанда алаяқтарға тап болмау жолдарын ұсынды

Фото: gov.kz
ҚР ІІМ пәтерді жалға алғанда алаяқтардың тұзағына түспеу үшін, неге мән беру қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Министрліктің мәліметінше, бүгінде тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері көп кездеседі. Алаяқтар әсіресе, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында “бағасы арзан”, “шұғыл жалға беріледі”, “иесі қалада жоқ”, “төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды” деген хабарландыруды жиі жариялап, адамдарды тез тұзаққа түсіреді. Ведомтсво азаматтарды мұндай хабарландырулардан күмәнданып, сақ болу қажеттігін еске салады.
«Алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзiледі, көрсетілген пәтер мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады», — делінген хабарламада.
ҚР ІІМ мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей, азаматтардан ешқашан ақша аудармауға және міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасауға шақырады.


