Қазақстанда ақылы жолдарда баға өспейді

Фото: Gov.kz
2026 жылы Қазақстанда ақылы автожолдар саны артады, бірақ баға өспейді, деп хабарлайды nofake.kz/ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақылы режим бірден алты ірі республикалық автожол учаскесінде енгізілетін болады.
«Ақылы болатын бағыттарға «Қарағанды – Балқаш», «Бурылбайтал – Күрті», «Ақтөбе – Қандыағаш», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахань» және «Мерке – Шу» жолдары кіреді. Жаңа ақылы учаскелердің жалпы ұзындығы шамамен 1,8 мың шақырымды құрайды. Аталған тасжолдар өңіраралық және транзиттік маңызы жоғары бағыттарға жатады және сол жолдарда қайта жаңғырту мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ақылы режимді енгізу жолдарды күтіп-ұстауға тұрақты қаржыландыруға мүмкіндік береді. Бұл жалпы күтіп-ұстауды, күтімді, жарықтандыруды, инженерлік құрылыстарды қызмет көрсетуді және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шараларды қамтиды», — деді Көлік министрлігі хабарламасында.
Сонымен қатар жолақысын төлеу тарифтері көтерілмейді. Яғни, жол жүру ақысы барлық көлік құралдарының санаттары үшін қазіргі қолданыстағыдай сақталады.
«Ақылы жол учаскелерінің бойындағы елді мекен тұрғындары үшін жеңілдетілген абонементтер сақталады. Жергілікті тұрғындар автожолдарды арнайы шарттар бойынша пайдалана алады, ал абонемент тұрақты сапарлар барысында қаржылық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге 2026 жылдан бастап жүргізушілердің жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық ақылы автожол учаскелерінде жолақысын төлеу мерзімі 7 күннен 30 күнге дейін ұзартылады. Бұл әсіресе жеке көлік иелері үшін өзекті болмақ»,- делінген ресми хабарламада.
Ақылы автожолдардан түсетін кірістер сол автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға және қызмет көрсетуге бағытталады.


