NoFake

Kaspi дүкенінде алаяқтарға қалай алданбауға болады: банк кеңесі

Bg9jyww6ly8vzi9hlzcvmi8wlzq0m2izzjkxmtk4ndm2zmq2m2qwnzmzmwu2zi5qcgc cr

Фото: digitalbusiness.kz

Kaspi ұялы қосымшасының онлайн дүкендерінде алаяқтарға алданып қалмау жолдарын банк өкілдері түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/. 

Kaspi қосымшасындағы онлайн-дүкендерінде алаяқтық фактілері тіркелуі мүмкін. Десе де, банк өкілдерінің айтуынша, қаржылық ұйым мұндай жағдайлар тіркелген күннің өзінде заң бұзушылықтың сипатына қарай тиісті шара қолданады. 

«Kaspi.kz клиенттердің операциялары мен өтініштерін тұрақты түрде бақылап отырады. Сатушылар тарапынан болатын алаяқтық әрекеттердің жекелеген жағдайлары кез келген маркетплейстегідей болуы мүмкін, алайда олар бірен-саран. Заң бұзушылықтың сипатына қарай тиісті шаралар қолданылады, қажет болған жағдайда серіктестікті толық тоқтатуға дейін барады. Құқық бұзушылық белгілері анықталған кезде ақпарат әрі қарай тексеру жүргізу үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау мақсатында беріледі», — деп түсіндірді мамандар. 

Сонымен бірге мамандар Kaspi.kz қосымшасына онлайн дүкен иелерін қандай критерийлер бойынша таңдайтынын түсіндіріп берді. 

«Kaspi Магазинге қосылу үшін бизнес ресми түрде тіркелген және нақты қызмет атқарып отырған болуы тиіс. Негізгі талаптар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінде тіркеудің болуы, Kaspi Pay-мен серіктестік, Kaspi Pay арқылы жүргізілген сатылымдар тарихының белсенді болуы. Сондай-ақ, қосымша операциялар тарихына талдау жүргізіледі және күмәнді белсенділікті анықтау мақсатында тұрақты мониторинг жүзеге асырылады», — деді банк өкілдері.

Банк мамандары дүкеннің заңды жолмен жұмыс істейтінін тексерілетінін атап өтті. 

«Яғни, жоғарыда айтқанымыздай, маркетплейске тіркелу кезеңінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінде бизнестің ресми тіркелгені және Kaspi Pay талаптарына сәйкестігі тексеріледі. Сондай-ақ заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында операциялар мен клиенттердің өтініштеріне тұрақты түрде талдау жүргізіледі», — деді олар.

Банк мамандары Kaspi.kz қосымшасындағы жалған дүкендерге алданып қалмауға арналған лайфхактарды да назарға ұсынды: 

Біріншіден. Дүкеннің рейтингіне, сатып алушылардың пікірлеріне және сату тарихына назар аудару;

Екіншіден. Тапсырыстарды рәсімдеу және сатушымен байланысуды тек Kaspi.kz қосымшасының ішінде жүзеге асыру, бөгде мессенджерлерге өтпеу;

Үшіншіден. Зат сатып алғанда төлемді жеке телефон нөмірі немесе карталарына ақша аудару арқылы жасамау; 

Төртіншіден. Растау кодтарын, карта деректерін немесе жеке ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеу.

Мамандар дүкен тарапынан қандай да бір заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, Kaspi.kz қолдау қызметіне хабарласа алатынын жеткізді. 

Оқу үшін